Әлия Назарбаева мен Қайрат Сатыбалдының 2 мың га жері мемлекет меншігіне өтті

Әлия Назарбаева мен Қайрат Сатыбалды Алматы маңындағы 2 мың гектар жерінен айырылды, деп хабарлайды Qazaq.today KazTAG агенттігіне сілтеме жасап. 

Алматы облысының прокуратурасы Өңірлік қадағалау органының Назарбаева мен Сатыбалды иелігіндегі жер учаскелерін мемлекет меншігіне қайтарғанын растады.

Аталған жалпы ауданы 2 мың га жер Алматы облысының Жамбыл және Қарасай аудандарында орналасқан.

 

Qazaq.today