Фото: istockphoto.com
Ақтау қаласында отшашудан шыққан ұшқыннан пәтерде өрт болды, деп хабарлайды Qazaq.today.
Төмен атылған ұшқын терезе арқылы пәтерге түскен. Сол сәте түсірілген видео әлеуметтік желіде жарияланды. Келеңсіз оқиға жаңа жыл қарсаңында болған.
«Оқиға қаланың 7-ші шағын ауданында, түнгі сағат 23:37 шамасында болды. Отшашудың соңы өртке ұласқан жоқ. ТЖД күштері мен құралдары тұрақты орналасу орнына қайтарылды», — делінген ТЖД хабарламасында.