4 жыл темір торда: БҚО мас күйінде көлік жүргізген жігіт түрмеден бірақ шықты

Фото: Мой город

Батыс Қазақстан облысында жүргізуші куәлігінен айырылса да мас күйінде қайталап рулге отырғаны үшін 4 жылға сотталды, деп хабарлайды Qazaq.today агенттігі.

«Мой Город» басылымының жазуынша, прокуратура заң бұзушылықтардың алдын алу үшін көрсетілім процесін ұйымдастырды. Оған жүргізуші куәлігінен айырылған оралдықтар шақырылды. Прокурорлардың айтуынша, көлік құралын алкогольдік, есірткілік немесе токсикомандық масаң күйде басқару, сондай-ақ жүргізуші куәлігі жоқ адамға рөлді беру ҚР Қылмыстық кодексінің 346-бабына сәйкес 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын қарастырады, әрі өмір бойы көлік жүргізу құқығынан айырады.

«2024 жылы сот шешімімен жүргізуші куәлігінен айырылғандардың рөлге мас күйінде қайта отырған 163 жағдайы тіркелген. Солардың бірі сот алдында жауап берді. Сот шешімімен ол 4 жылға бас бостандығынан айырылып, өмір бойына көлік басқару құқығынан шеттетілді», — деп жазады басылым.

Прокуратура бұл жағдайарқылы  басқа құқық бұзушыларға сабақ болып, көлік жүргізушілерінің жауапкершілігін арттыруды көздейді.