«Air Astana» Анталья әуежайында 2 күн бойы жападан-жалғыз қалған 10 жастағы баланың жағдайына қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.
Әуекомпания төлқұжаты жоғалғанына жолаушының өзі жауапты екенін айта келе, ҚР консулдығына болған оқиғаны жедел баяндағанын жеткізген.
«Депортациялау туралы шешімді қабылдаушы елдің көші-қон қызметі қабылдайды. Сондай-ақ, баланы ұстау шарттарын Түркияның көші-қон қызметі белгілейді. Өз тарапынан әуекомпания баланы үш реттік тамақпен және психологиялық қолдаумен қамтамасыз етті және жағдайды тез арада шешу үшін ҚР консулдығымен және Түркияның көші-қон қызметімен тұрақты байланыста болды.
Бұл жағдайда әуекомпания көші-қон қызметінің ұйғарымын орындауға міндетті және ол орындалды: бала Қазақстанға жақын арада тікелей рейспен қайтарылды. Бұл үшін ережеге сәйкес оның кері билеті пайдаланылды», — делінген хабарламада.