Полицейлер ұшақ апатынан зардап шеккендер үшін ерікті түрде қан тапсырып жатыр

Маңғыстау облысында полиция қызметкерлері ерікті түрде қан тапсыру акциясына қатысып, ұшақ апатынан зардап шеккендерге қолдау көрсетті, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

Бұл бастама құқық қорғау органдарының тек қауіпсіздік пен тәртіпті қамтамасыз етуде ғана емес, қиын сәттерде адамдарға көмек көрсетудегі маңызды рөлін айқындай түседі.

Айта кету керек, тәртіп сақшылары донорлық акцияларға тұрақты түрде қатысады: жеке құрамның айтарлықтай бөлігі жыл сайын тегін қан тапсырып, көмекке мұқтаж адамдарды қолдап келеді.

Оқиға орнында болған жағдайдың барлық мән-жайын анықтау үшін тергеу-жедел тобы жұмысын жалғастыруда.