Ұшақ апатында қаза тапқандардың мәйіті жақын арада Әзербайжанға жіберіледі

Бұл туралы Әзербайжан Төтенше жағдайлар министрлігі мен Azerbaijan Airlines әуе компаниясының бірлескен хабарламасында айтылды, деп жазады Qazaq Today ақпарат порталы. 

Апатта қаза тапқан жолаушылар мен экипаж мүшелерінің денесі жақын арада Әзербайжанға жеткізіледі. Сондай-ақ зардап шеккен жандарды тасымалдауға әуе компанияның арнайы рейсі жоспарланған.

Оларды тасымалдау зардап шеккен жандардың денсаулық жағдайы мен дәрігерлердің қорытындысына сәйкес және тасымалдауды жүзеге асыруға мүмкіндік берген жағдайда ғана жүзеге асырылады.

Әзербайжан мен Қазақстанның құзырлы мемлекеттік органдары барлық қажетті шараны қабылдап жатыр.