Ресей Мұсылмандарының Діни басқармасы ғұламалар кеңесі Ресей Бас прокуратурасының ұсынысы негізінде көп әйел алуға рұқсат беретін пәтуаның күшін жойды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы Massaget.kz-ке cілтеме жасап.
Бұл туралы кеңес төрағасы Шамиль Аляутдинов Telegram-каналында хабарлады.
Оның айтуынша, пәтуа Бас прокуратураның оны жоюға шақырған мәлімдемесі мен ресейлік қоғамның реакциясынан кейін кері қайтарылған.
«Бұл — Алланың қалауы, сондықтан Ресей Мұсылмандарының Діни басқармасы ғұламалар кеңесі бұл мәселе бойынша пікірталасқа түсудің мәні жоқ деп санайды», — деді Аляутдинов.
Еске салайық, бұған дейін Ресейде төрт әйелге дейін алуға рұқсат берілгені хабарланған еді. Бұл туралы Ресей мұсылмандарының рухани басқармасы мәлімдеді. Алайда ол үшін бір шарт болған еді.