Ленинград ауыл шаруашылық колледжінің студенттерімен жеке әңгімелесу барысында бірінші курс студенттерінен жүйелі түрде қорқытып, ақша алу дерегі анықталды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.
Бұл дерек Қылмыстық кодекстің 194-бабының 1-бөліміне сәйкес соталды тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.
Ақжар аудандық сотының 28 қарашадағы үкімімен колледждің 3-курс студенті кінәлі деп танылып, 2 жылға бас бостандығынан айырылды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
«Бұл деректі оқу орнының басшылығы білгенімен, құқық қорғау органдарына хабарламаған. Колледждің директоры мен жауапты тұлғалары заңда белгіленген жауапкершілікке тартылды», — деп жазылған хабарламада.