Тоқаевтың шақыруымен елімізге Гвинея-Бисау Президенті ресми сапармен келеді

18 желтоқсан күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Гвинея-Бисау Президенті Умару Сисоку Эмбало Астанаға ресми сапармен келеді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

Жоғары деңгейде өтетін келіссөздер барысында Қазақстан мен Гвинея-Бисау арасындағы саяси, сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастық перспективасы талқыланады.