Шерзаттың шуынан кейін Талғар қаласына жаңа әкім келді

Фото:golos naroda

Шерзат оқиғасымен жарты әлемге танылған Талғар қаласына жаңа әкім сайланды. Сайлаушылар тізіміне 42 774 азамат енгізіліп, олардың 12 875-і дауыс беруге қатысты. Үйден дауыс бергендер саны – 24, деп хабарлайды Qazaq.today.

Талғар қаласының әкімі лауазымына үш кандидат үміткер болды. Дауыс беру қорытындысы бойынша келесі нәтижелер тіркелді:

Арыстанбек Абилхаирұлы – 9 071 дауыс;

Жанибек Каденов – 1 875 дауыс;

Әлібек Рамазанов – 1 140 дауыс;

«Барлығына қарсы» деген таңдау жасағандар саны – 182.

«Сайлау қорытындысына сәйкес, Талғар қаласының әкімі болып Арыстанбек Абилхаирұлы сайланды. Ол 1983 жылы туған, «Талғар тұрғын үй» ЖШС-нің директоры және Талғар қаласының тұрғыны», — деп жазылған хабарламада.

Еске салайық, 4 қазанда Талғар қаласында Шерзат бандылар қолынан қаза тапты. Шулы оқиғаның соңы Талғар қаласының әкімінен бастап, көптеген шенділердің қызметтен қуылуымен аяқталды.