КҚК мұнай тасымалын тағы да тоқтатты

Каспий құбыр консорциумы Теңіз терминалында неліктен мұнай жеткізу тоқтатылғанын түсіндірді, деп хабарлайды Qazaq.today Azattyq Ruhy.-на сілтеме жасап.

Компанияның баспасөз қызметі мәлім еткендей, жағымсыз иіске қатысты тұрғындар шағымына байланысты Теңіз терминалының жұмысы тоқтатылған.

Белгілі болғандай, 10 сәуірден бастап Новороссийскінің бірқатар БАҚ-ында мұнай өнімдерінің жағымсыз иісі және ықтимал экологиялық проблемалар туралы хабарламалар жарияланған. Кәсіпорын тұрғындардың әлеуметтік желідегі арыз-шағымдарын да ескеріп, осыған байланысты мұнай жеткізуді жоспарлы түрде тоқтатқан.

«10 сәуірден бастап қазіргі уақытқа дейін КҚК теңіз терминалы ТЛУ арқылы мұнай жеткізудің жоспарлы тоқтатылуына байланысты резервуар паркіне мұнай қабылдамайды. Тиісінше, КҚК қондырғылары жағымсыз иіс тудыратын органикалық қосылыстар көзі болған емес», — делінген КҚК хабарламасында.

Айта кетерлігі, Каспий құбыр консорциумы (КҚК) Қазақстаннан мұнай экспортының негізгі және ең тиімді бағыты болып қалып отыр. Консорциум ұзындығы 1511 км Теңіз-Новороссийск мұнай құбырын пайдаланады, бұл – қазақстандық мұнай көлемінің 80%-дан астамын экспорттайтын негізгі бағыт.

Каспий құбыр консорциумының тоқтап қалған әрбір жұмыс күні компания мен тұтынушыларға миллион баррель шығын әкеледі – бұл әлемдік жеткізу нарығының 1%-ы. Бұған дейін Қазақстанның Мұнай сервистік компаниялар одағының төралқа төрағасы Рашид Жақсылықов  Қазақстан КҚК тоқтап тұрған бір ай ішінде 1 миллиард долларға жуық шығынға ұшырағанын мәлімдеген еді.

Еске сала кетейік, 19 ақпанда да КҚК қазақстандық мұнай жөнелтуді тоқтатқан болатын. Ол кезде ауа райының қолайсыздығы – қатты дауыл мен биік толқын себеп болды. Кейін консорциум Теңіз кенішінен мұнай қабылдауды тоқтатты. Энергетика министрі сол кезде жұмыстың тоқтау себептеріне тоқталып, жұмысты қайта жандандыру мерзімін атады. Артынша Қазақстан мұнайын жөнелту бірнеше күннен кейін қайта жанданған еді.

Qazaq.today