Фото: Jeff Bottari/Getty Images
Ол 8 желтоқсанда ғана мансабындағы ең қиын жекпе-жегін өткізген еді. Ирландиялық қарсылысын ұпай санымен жеңген қазақстандық файтер әлемдік рейтингте көтерілді, деп жазады Qazaq Today ақпарат порталы.
UFC 310 турнирінде Иэн Гэрриді ұтқан Шавкат Рахмонов 77 келідегі салмақта жұдырытасатын «Номад» UFC рейтингінде 1 сатыға жоғарылады. Яғни, үшінші орыннан екінші орынға көтерілді. Отандасымыз экс-чемпион Камару
Усманды артқа тастаған. Шавкаттың алдындағы орындарға чемпион Белал Мухаммед мен экс-чемпион Леон Эдварс жайғасқан.
Еске салайық, бұл спортшының мансабындағы ең қиын қарсыласының бірі болды.
Жеңілістен соң Иэн Гэрри қазақ тілінде «сөйлеп» кетіп, Шавкатты реваншқа шақырған еді.