Алматыда мектеп маңынан мәйіт табылды

Таңертең Алматыда жеке мектептердің бірінің маңындағы көлік салонынан мәйіт табылды. Бұл туралы әлеуметтік желі қолданушылары жазды, деп хабарлады Qazaq Today ақпарат порталы.

Алматы Полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілі ақпаратты растады.

«Зорлық-зомбылық белгілері жоқ ер адамның мәйіті табылуына қатысты тергеу жүргізіліп жатыр. Алдын ала мәліметтер бойынша өлімнің себебі жүрек жеткіліксіздігі болды», – деді полиция.

Полицейлер болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.