Павлодарда 3 жасар бала терезеден құлап мерт болды

Павлодарда үш жасар бала терезеден құлап кетті. Өкінішке қарай, баланы құтқару мүмкін болмады, деп хабарлайды Qazaq.today Azattyq Ruhy.-на сілтеме жасап.

Pavlodarnews хабарлауынша, қайғылы оқиға 12 сәуірде кешкі уақытта болған. Павлодар облысы жедел жәрдем станциясының мәлімдеуінше, бала көпқабатты тұрғын үйдің 9-қабатынан құлаған. 

«Баланың терезеден құлауы туралы шақырту сағат 18:32-де келіп түсті. Жедел жәрдем қызметкерлері оқиға орнына 3 минутта жетті», — делінген хабарламада. 

Дәрігерлер баланың мерт болғанын анықтады.

Qazaq.today