Димаш Құдайберген төртінші рет «Жылдың үздік мәдениет қайраткері» атанды

«Халықтың сүйіктісі-2024» 14-ші ұлттық премия өздерінің қорытындысын шығарды. Ең беделді қоғамдық марапат он номинация бойынша берілді, деп хабарлады Qazaq Today ақпарат порталы dimashnews.com-ға сілтеме жасап

Қазақстан Республикасының Халық әртісі Димаш Құдайберген төртінші рет жылдың Мәдениет қайраткері болды.

Лауреаттарды марапаттау рәсімі дәстүрлі түрде 2025 жылдың 16 қаңтарында өтеді.