Грузияның экс-президенті Михаил Саакашвили өлім аузында жатыр. Ол жуырда өліп қалуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Politico басылымына сілтеме жасаған Qazaq.today ақпараттық агенттігі.
Басылым мәліметінше, түрмеде отырған саясаткердің денсаулығы нашарлап, хәл үстінде жатыр. Экс-президент халықаралық ұйымдардан көмек сұрап отыр.
«Түрмеде денсаулығым әбден нашарлап бітті. Өлім аузында жатырмын. Маған психологиялық, физикалық қысымдар жасалып жатыр. АҚШ-тың қоғамдық ұйымдарынан өмірме араша түсуін сұраймын. Маған көмек бермесеңіздер, мен жақында өліп қалуым мүмкін», — деді экс-президент.
Еске салсақ, Михаил Саакашвили 2021 жылдың 1 қазанынан бастап түрме отыр.