Фото: anhor.uz
Маңғыстау облысында ер адам әкімдік ғимаратының жанында өзін өртеп жіберді. Тұрғын аймақ әкімі Нұрдәулет Қилыбаймен кездесуді талап еткен. Алайда тұрғынды облыс әкімі қабылдамаған соң, ол ғимарат алдында өзін-өзі өртеп жіберген, деп хабарлайды Qazaq.today агенттігі Atyrau ONLINE телеграм каналына сілтеме жасап.
«Әкімдік қызметкерлері азаматқа бүгін облыс әкімі жеке сұрақтар бойынша қабылдау жүргізбейтінін түсіндірді. Оған қабылдау күнтізбесіне сәйкес белгіленген күні келу ұсынылды. Кейін оны Қарақия ауданы әкімінің орынбасары қабылдады. Алайда азамат бұған қанағаттанбай, өзіне жанармай құйып, өртеп жіберді», — деп хабарлады Маңғыстау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Қылмыстық іс қозғалды
Полиция мен дәрігерлер дереу шақырылды. Полицейлер отты сөндіріп, жедел жәрдем келгенше зардап шеккен адамға алғашқы медициналық көмек көрсеткен. Алайда тұрғынның жағдайы ауыр. Өзіне бензин шашқан адамның қандай проблемасын шеше алмай жүргені белгісіз.