Фото: photomaster
Қазақ халқының ежелгі салттарының бірі — беташар ЮНЕСКО-ның Адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасының Репрезентативтік тізіміне енді, деп хабарлайды Qazaq.today.
Бұл туралы Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин өзінің facebook-парақшасында жазды.
— Жаңа ғана Парагвай астанасы Асунсьонда ЮНЕСКО-ның Материалдық емес мәдени мұраны қорғау комитетінің отырысында қазақтың ежелгі салттарының бірі Беташар Адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасының Репрезентативтік тізіміне енгізілді, – деді ол.