Атырауда Сібір жарасына байланысты мектептердегі мәзірден сиыр еті уақытша алынып тасталды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.
Атырау қаласының білім бөлімі қазір бұл аурудың мектеп оқушыларына жұқпауының алдын алуда.
«Аса қауіпті жұқпалы аурулардың (сібір жарасы) алдын алу мақсатында біз Атырау облысының білім басқармасына қала мектептерінің перспективалық мәзіріне өзгерістер енгізу, яғни талаптарға сәйкес сиыр етін басқа өнімге ауыстыру туралы хат жолдадық», – делінген Білім бөлімінің басшысы.
Қаланың ет бөлімдерінде сиыр етіне сұраныстың төмендеуі байқалады. Қала тұрғындары қой мен жылқыны сатып алуға да күмәнмен қарайтынын жеткізді. Ал сатушылар болса, ет балғындығы бұзылмай тұрып өткізу үшін бағаны айтарлықтай төмендетуге мәжбүр.