Фото: Viral Press
Таиланд жағалауында акула 57 жастағы Германиядан келген туриске тап берді. Оқыс оқиға 29 қараша күні жағалауда демалушылардың көз алдында болған. Бұл туралы Qazaq Today ақпарат порталы Stan.kz — ке сілтеме жасап хабарлайды.
Жыртқыш Эльке Майер есімді әйелдің аяғын тістеп, жаралаған. Басқа туристер әйелге жағаға шығуға көмектескен. Себебі 30 сантиметрлік жарадан қан тоқтамаған.
Науқас дереу Хао Лак жағажайынан жергілікті ауруханаға, кейін шұғыл ота жасау үшін Пхукеттегі үлкен мекемеге жеткізілді. Жергілікті БАҚ-тың мәліметінше, әйел қазір ем қабылдап жатыр. 2 желтоқсан күні оған екінші рет ота жасалған.
Полиция мен экологтардың айтуынша, жыртқыштың ұзындығы 1 жарым метрден асады. Олар ауруханаға барып, науқасқа акуланы ұстауға уәде етті.
“Жәбірленушінің жағдайы айтарлықтай жақсарды және ол қалпына келе берсе, бүгін кешке екінші ота жасатады. Туристің жол жүру сақтандыруы бар және біз оған қолдау көрсету үшін құжаттарды бердік. Германия елшілігі де көмектеседі», – деді полиция подполковнигі Эккачай Сири.
Айтуынша, офицерлер акуланы ұстап, басқа жерге көшіру үшін жыртқышты іздеп жатыр.
Теңіздегі экожүйе сарапшысы Тон Тамронгнавасават әйелге доғал тұмсықты акуланың шабуыл жасағанын айтады.
“Акула су түбінде жүзіп келе жатып қозғалған аяқты байқаған болуы керек. Ол өзінің олжасы деп ойлап қалған. Акула текі бір рет тістеген, ары қарай арпалыспай, жібере салған”, – дейді ол.