Фото: instagram.com/janibek_qazaqstyle/
Жақында ғана жеңілмеген жаңазеландиялық қарсыласын көкала қойдай етіп сабаған Жәнібек Әлімханұлы жекпе-жекке шақырған қарсыластарымен жұдырықтаспайтын болды.
Екі тұжырым бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлымен жекпе-жекке шығу керек болған Карлос Адамес пен Хамза Шираз өзара мықтыны анықтайтын болды. Ұлыбритания намысын қорғайтын Хамза Шираз Жәнібек Әлімханұлымен емес, Карлос Адамеске қарсы жұыдырқтасатын болды. Қос боксшы 22 ақпанда Дмитрий Бивол мен Артур Бетербиев арасындағы реванштың мэйн-кардында WBC белбеуі үшін жекпе-жек өткізеді.