Астананың орталығындағы пәтерлердің біріне жарқанат кіріп кеткен (ВИДЕО)

Пәтеріне жарқанат кіріп кеткен елордалық құтқарушыларды шақырды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

Сарайшық ауданындағы тұрғын үйдің сегізінші қабатындағы пәтерге жарғанат ұшып кіріп кетіп, қайтып сыртқа шыға алмаған. Үй иесі шақыртқан соң келген құтқарушылар жарқанатты ұстап, оны сыртқа шығарып босатып жіберді.

Төтеншеліктер үйге жарқанат ұшып кіріп кетсе, оны өз бетінше ұстап алуға тырыспауды, балалар мен үй жануары болса басқа бөлмеге шығара тұруды сұрайды.