Жұмыс істеу және көшуге ең қолайлы елдер аталды

Жұмыс істеу үшін шетелге көшу көптеген қиындықтармен қатар жүреді: бюрократиялық кедергілер, тілдік барьер, тұрғын үй іздеу. Дегенмен, InterNations ұйымының зерттеуі шетелдік мамандар үшін ең қолайлы елдерді анықтады.

Зерттеу қалай жүргізілді?

InterNations әлемдегі 53 елді қамтыған сауалнама жүргізді. Бағалау 4 негізгі санат бойынша жүзеге асырылды:

1.Бюрократия: виза рәсімдеу, мемлекеттік органдармен байланыс, банк шотын ашу.

2.Тұрғын үй: баспана табудың жеңілдігі мен бағасының қолжетімділігі.

3.Цифрландыру: жоғары жылдамдықты интернет, онлайн қызметтердің қолжетімділігі, қолма-қол ақшасыз төлем мүмкіндігі.

4.Тіл: жергілікті тілді үйрену күрделілігі және онсыз өмір сүру мүмкіндігі.

Әр ел көрсеткіштер бойынша 1 (өте нашар) мен 7 (өте жақсы) аралығында бағаланды.

Көшбасшылар рейтингі

1.Біріккен Араб Әмірліктері (БАӘ):

•“Тіл” және “Бюрократия” санаттары бойынша көшбасшы.

•Сауалнамаға қатысқан экспаттардың 60%-дан астамы визаны рәсімдеудің қарапайымдылығын және онлайн-сервистердің қолжетімділігін жоғары бағалаған.

•Тұрғын үй табу оңай болғанымен, оның бағасы бойынша 17-орында.

2.Бахрейн:

•Бюрократиялық сұрақтарды онлайн шешу мүмкіндігі жоғары бағаланды.

•Тілдік барьер жоқ, тұрғын үй бағасы қолайлы (15-орын).

3.Оман:

•Жергілікті тілді білмей-ақ бейімделу оңай.

•Бюрократия аз, тұрғын үй бағасы қолжетімді (4-орын).

Басқа танымал елдер

•АҚШ (14-орын): тіл және цифрландыру салаларында жоғары бағаланғанымен, тұрғын үй іздеу (33-орын) және бюрократия (16-орын) белгілі бір қиындықтар тудырады.

•Батыс Еуропа: Испания (18), Нидерланды (19), Бельгия (21), Люксембург (23) сияқты елдер экспаттарға ыңғайлы.

•Испания: интернет және цифрлық қызметтер өте қолжетімді.

•Швеция мен Ұлыбритания: тіл үйрену жеңілдігі бойынша алда.

•Люксембург пен Нидерланды: бюрократияны жеңілдетуде көшбасшы.

Еуропаға көшу ерекшеліктері

Еуропа елдеріне көшу танымалдылығына қарамастан, тұрғын үй бағасының қымбаттығы мәселе тудырады. Ең қолжетімді баспана Польша (23) мен Испанияда (24) екені анықталды.

 

Шетелде жұмыс істеу мен өмір сүру үшін ең қолайлы елдер — Біріккен Араб Әмірліктері, Бахрейн және Оман. Бұл елдер цифрландыру деңгейі, тілдік кедергінің жоқтығы және тұрғын үй табу мүмкіндігінің жеңілдігімен ерекшеленеді.