Алдағы 3 күнде ауа райы қандай болады?

Синоптиктер Қазақстанда алдағы үш күнде — 28, 29 және 30 қарашада ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

Болжам бойынша алдағы үш күнде Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады. Әсіресе республиканың оңтүстік-батысында жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын, тұман, көктайғақ, желдің күшеюі күтіледі. Айдың аяғына қарай республиканың барлық бөлігінде жауын-шашын жауып, оңтүстіктің таулы аймақтарында қатты жаңбыр мен қар жаууы мүмкін.

«Температура фонында айтарлықтай өзгерістер күтілмейді», — деді метеорологтар.

Еске салайық, бұған дейін синоптиктер 13 қала тұрғындарына ескерту жасаған еді.