Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданын «Балауса», «Гүлдер», «Шапағат», «Арай» атауы бар төрт балабақшаның есепшілеріне қатысты іс тергеліп, бір бухгалтер 7 жылға сотталды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.
Ақтөбе облысының прокуратурасы хабарлағандай, «Шапағат» және «Арай» балабақшаларының бухгалтерлері ұрлаған 5 млн теңгелерін қайтарып беріп, қылмыстық іс тоқтаған.
«Ал, «Балауса» және «Гүлдер» атты балабақшалардың бухгалтері 49 млн теңге қаражатты заңсыз иемденген. Сот оны 7 жылға бас бостандығынан айырды», — деп хабарлайды Ақтөбе облысының прокуратурасы.