Ильхам Әлиев Қазақстанға келді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Қазақстанға Әзербайжан Республикасының президенті Ильхам Әлиев ресми сапармен келді, — деп хабарлайды  Qazaq.today Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Әуежайда Әлиевті Қазақстанның премьер-министрі Әлихан Самилов қарсы алды.

Бұған дейін Астанада екі ел басшылары шағын және кеңейтілген құрамда кездесу өткізеді деп жоспарланған еді.

Келіссөздер барысында Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы стратегиялық серіктестікті дамытудың негізгі мәселелері талқыланады.

 

Qazaq.today