Алматының әскери соты марқұм сарбаз Әлібек Қалбайдың өліміне маңғыстаулық сарбаз Айболат Аманжолов кінәлі деп үкім шығарды. Ол 9 жылға бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Qazaq.today Arbat.media-ға сілтеме жасап.
Сот үкімімен келіспей, Айболат Аманжоловтың туыстары апелляциялық сотқа шағым түсіреді деп айтылған.
Әлібек Қалбайдың өліміне қатысты сот отырысы Алматы гарнизоны әскери сотында 2022 жылдың 23 тамызында басталды. Бұл туралы Аманжоловтың адвокаты Жанар Нусупбаева айтты.
Үкім әділ шыққан жоқ. Міндетті түрде апелляциялық шағым түсіреміз. Үкімге жәбірленуші тарап та, сотталушы жақ та қарсы, — деді адвокат.
Оның айтуынша жәбірленуші тарап та сотталушы Айболат Аманжоловты ақтауды сұрап отыр.
Танысқанына 4 күн болған балалар бір-бірін өлтіруі мүмкін емес, оған мотив жоқ, — дейді Жанар Нусупбаева.
Маңғыстаулық сарбаз Әлібек Қалбай 2022 жылдың 22 сәуірінде Жамбыл облысы Отар ауылында орналасқан әскери бөлімде қайтыс болды. Ол сапта тұрған кезде кенеттен есінен танып құлаған. Марқұмның өліміне кінәлі ретінде 18 жастағы атыраулық сарбаз Айболат Аманжолов күдікке ілініп, қамауға алынды.
Qazaq.today