Disney-дің көптен күткен «Моана 2» анимациялық фильмі 2024 жылдың 28 қарашасынан бастап қазақстандық көрермендерге қазақ және орыс тілдерінде ұсынылады. Бұл жаңа бөлім Моана мен Мауидің бұрын-соңды болмаған қызықты оқиғаларын ұсына отырып, көрермендерді Океанияның таңғажайып әлеміне қайта жетелейді.
Қазақ тіліндегі дубляждың ерекшелігі:
Моана рөлінде қазақстандық актриса Құралай Өтепова өзінің шебер дауысымен кейіпкерге жан береді. Ал оның барлық әндерін танымал әнші НАZИМА орындап, ерекше музыкалық әсер сыйлайды.
Мауиді батырлық дауысымен Қобыланды Болат сомдайды, ал оның қарсыласы, қаһарлы Матангиді Айнұр Болат дыбыстап, Матангидің әндерін Гауһар Өмірзақова шырқайды.
Моананың адал досы, жолсерік Мониді белгілі әнші әрі композитор Sadraddin, ал «күңкілдек бағбан» Келені Бақытжан Әлпейіс дыбыстайды.
Дубляж режиссері — Шах-Мұрат Ордабаев, ал музыкалық жетекшілік қызметін Анель Сіргебаева атқарды.
Орыс тіліндегі дубляж құрамы:
Орыс тілінде Моананы НАZИМА дыбыстайды және әндерін орындайды. Матангидің әндерін Гауһар Өмірзақова орындаса, Моананың анасы Сина рөлі Алтыншаш Шаяхметтің орындауында ұсынылады. Бас кейіпкердің әкесі, Туи көсемнің вокалды бөліктерін актер Андрей Трегубенко дыбыстады.
Музыкалық жетекші: Александр Шевченко.
Фильм жайлы:
«Моана 2» фильмінің режиссері — Дэйв Деррик-кіші, ал музыкасын «Грэмми» марапатының жүлдегерлері Эбигейл Барлоу мен Эмили Беар, сондай-ақ Опетайя Фоа’и және үш дүркін «Грэмми» иегері Марк Манчина жазған.
Фильм Моананың ежелгі теңізші бабаларының ізімен қауіпті сапарға аттанып, алыс Океания суларына жасайтын керемет саяхаты туралы баяндайды.
Ресми тұсаукесер серіктесі:
Disney-дің «Моана 2» фильмінің зайырлы тұсаукесерінің ресми серіктесі Tary этно-кафесі болып табылады. Бұл серіктестік ұлттық дәстүрлерді насихаттау мен мәдени шараларды қолдауға арналған.