Ақмолада із-түзсіз жоғалған баланың денесі кәріз құдығынан табылды

Ақмола облысында із-түзсіз жоғалып кеткен 4 жасар баланың денесі кәріз құдығынан табылды, деп хабарлайды Qazaq.today Azattyq Ruhy-на сілтеме жасап.

Баланың өлімі туралы LIDER.KZ еріктілер тобы Instagram парақшасында хабарлады.

Ақмола облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, 8 сәуірде сағат 22.00 шамасында Целиноград ауданының полиция бөліміне Қараөткел (Ильинка) ауылының тұрғынынан 4 жастағы баласының жоғалып кеткені туралы хабарлама келіп түскен.

Ата-анасының айтуынша, бала сағат 17.30 шамасында серуендеуге аулаға шыққан, содан кейін жоғалып кеткен.

Полиция қызметкерлері дереу іздестіру шараларын ұйымдастырып, нәтижесінде баланың денесі үйдің жанында орналасқан кәріз құдығынан табылды.

«Қазіргі кезде қайғылы оқиғаның мән-жайын анықтау үшін қажетті жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр. Тергеу қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады», — делінген ПД хабарламасында.

 

Qazaq.today