Шымкентте арыстанның күшігін базарда сатпақ болғандар ұсталды

Шымкенттегі базарда «тірі тауар» — арыстанның күшігін сатпақ болғандар ұсталды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

Жедел уәкіл қызметкерлері жануарды Түркістан облысының тұрғынының көлігіндегі жүк салғыштан тапқан.

«Жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен заңсыз айналысу жайты бойынша полициямен қылмыстық іс тіркелді», — делінген полиция хабарламасында.

Қылмыстық кодекске сәйкес күдікті үш жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.