Лондон, Ұлыбритания — Кент графтығындағы зиратта күйеуінің қабірінің басында отырған әйелді белгісіз ер адам зорлап кеткен. Полиция қылмыскерді іздестіруде. Бұл туралы Qazaq.today сайты Alash.kz сілтеме жасап хабарлады.
Сексуалдық шабуыл бір апта бұрын, 9 қараша күні сағат 21:00 мен 21:30 аралығында болған. Күдікті ұзын бойлы, арықша келген, үстінде теріден жасалған капюшоны бар пальто киген адам ретінде сипатталған.
Полиция оқиғаның мән-жайын анықтау үшін сот-медициналық сараптама жүргізіп, бейнебақылау жазбаларын тексеріп, тұрғын үйлерді аралап жатыр.
Осы оқиғаға қатысты қандай да бір ақпарат білетін адамдарды полицияға хабарласуға шақырылады.