«Күдіктілер Шерзаттың ағасын да өлтірмек болған»: Талғардағы оқиғаға қатысты тың деректер жарияланды

Бұл туралы адвокат Марал Жайлаубаева айтты, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

Адвокат қылмыстық іс бес бап бойынша тергеліп жатқанын еске салды.

«Қайғылы оқиға болған түні  жәбірленушілердің бірінен, яғни Шерзаттың ағасынан ұялы телефон, қолма-қол ақшасы бар әмиян ұрланғаны белгілі болды. Бұл факт бойынша өтініш беріп, ол қанағаттандырылды. 188-бап бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиға болған түні Нұрғанат дене жарақаттарын алды. Күдіктілер оның беліне пышақ сұққан. Осы дерек бойынша сот-медициналық сараптамалар тағайындалды, нәтижелер алынды», — деді Марал Жайлаубаева.

Сөзінше, «Адам өлтіруге оқталу» дерегі бойынша қылмыстық іс қозғау туралы өтініш жолданған.