Ақмола облысында қылмысты жасырған полицейлер жазаға тартылды, деп хабарлайды Qazaq.today.
Ерейментау аудандық полиция басқармасының қызметкерлері қылмыспен күрескеннің орнына, оны керісінще жасырып келген. Аудан прокуратурасы қылмыстық істі тіркеп, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізу жөнінде полицияға тапсырма берді. Нәтижесінде күдікті тұлғалар ұсталып, іс сотқа жолданды.
«Жеке кәсіпкердің дүкенінен тауарлы-материалдық құндылықтарды ұрлау фактісі бойынша полицияға хабарласып, арыз түсірген, алайда полиция қызметкерлері бұл қылмысты ұзақ уақыт бойы тіркеуден жасырып, оны ашуға ешқандай шара қолданбаған», — деп хабарлады Ақмола облысының прокуратурасы.
Полиция бөлімінің кінәлі қызметкерлері тәртіптік жауапкершілікке тартылумен құтылды.