Павлодарда балалар үйінің оқушысы жүкті болып қалған

Павлодарда балалар үйінің 16 жастағы тәрбиеленушісі жүкті болып қалды, деп хабарлайды Qazaq.today.

Оқушының аяғы ауыр екенін дәрігерлер де растаған. Pavlodarnews.kz басылымының жазуынша, облыс орталығында балалар үйінің бірінде кәмелетке толмаған қыздың аяғы ауыр болып қалған. Бала құқықтары жөніндегі өңірлік уәкілі Сәуле Шәкенова оқиғаны растап отыр.

«Қыз 16 жасқа келді. Ол зорлық-зомбылық фактісін жоққа шығарады. Өзара келісім бойынша байланысқа түскенін айтады. Ал Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, ол келісім беретін жасына кірді. Тиісінше қылмыстық құқық бұзушылықтың құрамы жоқ. Жасөспірім мен баланың әкесі арасында неке қиылды»,– деді уәкіл. 

Облыстық білім беру басқармасының аталмыш факт бойынша хабардар. Жағдай кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның отырысында қаралды. Орталық басшысы тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Қызға кәмелетке толмаған ер баланың ата-анасы қаржылық көмек көрсетеді. Жүкті қылған жігітпен арада неке қиылды.

«Тәрбиеленушінің 3 апталық жүктілік фактісі медициналық тексерумен расталды. Факт бойынша қамқоршысы, орталықтың басшысы құқық қорғау органдарына өтініш жазды. Қызға қажетті психологиялық көмек көрсетілді»,– деді басқармада.