Депутат Дәулет Тұрлыхановтың ұлы Нұрасыл Болаттың адвокаттары апелляциялық шағым түсірді. Бұл ақпаратты Алматы соты растады, деп хабарлайды Qazaq.today ақпарат порталы.
«Апелляциялық шағым түсті. Іс материалдары іс жүргізу мерзіміне байланысты апелляциялық сотқа әлі жіберілген жоқ», — деп хабарлады Алматы сотының баспасөз қызметі.
Осыған дейін Алматы қаласы Медеу ауданының No2 аудандық соты пробация қызметінің Нұрасыл Болатқа қатысты жазаны – бас бостандығын шектеуді одан айырумен ауыстыру туралы өтінішхатын негіз деп танып, оны 1 жыл 5 ай 10 күнге бас бостандығынан айырған еді.