Улан-Баторда тоғызқұмалақтан халықаралық турнир өтіп жатыр

2024 жылғы 10-19 қараша аралығында Моңғолияның Улан-Батор қаласында тоғызқұмалақтан халықаралық турнир өтіп жатыр. Бұл сайысқа 13, 15 және 17 жасқа дейінгі спортшылар қатысуда. Турнирге Моңғолия, Қазақстан, Ресей және Өзбекстан елдерінен келген жас спортшылар офлайн және онлайн форматта бақ сынауда.

Жарысты ұйымдастырушы – Дүниежүзілік Тоғызқұмалақ Федерациясы мен Моңғолия Тоғызқұмалақ Федерациясы. Қазақстан атынан қатысып жатқан жасөспірімдер құрама командасының іссапарына ҚР Туризм және спорт министрлігі, Самұрық-Қазына қоры және Спортты дамыту қоры демеушілік жасап, қолдау көрсетіп отыр.