Тәуелсіздіктің құрметіне орай үш күн демалыс беріледі

Қазақстандықтар Тәуелсіздік күніне орай неше күн демалатыны белгілі болды, деп хабарлайды Qazaq.today.

Тәуелсіздік күні – мемлекеттік мереке. Бұл күн 16 желтоқсанда атап өтіледі. Биыл мерекелік дата дүйсенбіге түсіп тұр. Соған орай, қазақстандықтар желтоқсан айында Тәуелсіздік күніне орай 16 желтоқсан күні қосымша демалады.

Нақтырақ айтқанда:

бес күндік жұмыс аптасында — 14, 15, 16 желтоқсан демалыс күндері болады;

алты күндік жұмыс аптасында — 14 желтоқсан жұмыс күні, 15 және 16 желтоқсан демалыс.

Сонымен қатар желтоқсан айында кәсіби және басқа да мерекелер бар. Жұмыс және демалыс күндеріне қарамастан, мереке атап өтіледі.

Фото: gov.kz