Ақтөбе облысында тікұшақ апатқа ұшырап бір адам қаза тауып, екеуі ауруханаға жеткізілді.
Фото: ТЖМ
Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, бұл әуе қорғанысы күштері әскери институтының Ми-8 тікұшағы. Ол оқу-жаттығу ұшуын орындаған.
Бортта үш экипаж мүшесі болды. Экипаж мүшелерінің бірі қаза тауып, екеуі ауруханаға жеткізілді. Оларға қажетті медициналық көмек көрсетіледі.
«Авиациялық оқиғаның алдын-ала себебі-техникалық ақаулық. Оқиғаның мән-жайы анықталуда», — деді ведомство
Жергілікті жерде ведомствоаралық жедел топ жұмыс істейді.
«Қарулы Күштердің басшылығы мен Әуе қорғанысы күштерінің қолбасшылығы қаза тапқан әскери қызметкердің туыстары мен жақындарына қайғыра көңіл айтады. Оның туыстарына, сондай-ақ зардап шеккендерге барлық қажетті көмек көрсетіледі», — делінген хабарламада.