Ақтөбеде полиция басшысының үстінен қылмыстық іс қозғалды

Ақтөбеде полиция басшыларының біріне қатысты қылмыстық іс қозғалды, — деп хабарлайды Qazaq.today  Tengrinews.kz –ке сілтеме жасап.

ІІМ баспасөз қызметі мәліметінше, Ақтөбе облысы ПД-нің Өзіндік қауіпсіздік басқармасының қызметкерлері сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасады деген күдік бойынша Ақтөбе қаласы № 3 полиция бөлімі басшыларының біріне қатысты қылмыстық істі соталды тергеп-тексеруді бастаған.

ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес қылмыстық істі тергеу шеңберіндегі өзге ақпарат жарияланбайды.

«Полиция қызметкерлері тарапынан құқықбұзушылықтар туралы ақпаратты сенім телефоны арқылы хабарлауға болады- 8/7132/52-16-91. Анонимділікке кепілдік беріледі», — делінген хабарламада.

 

Qazaq.today