Семейде тәрбиеші баланы әріп білмегені үшін сабаған (ВИДЕО)

Семейдегі мектепке дейінгі мекемелердің бірінде балаларды ұрып-соққан тәрбиеші жұмыстан шеттетілді, деп хабарбайды Qazaq Today ақпарат агенттігі.

Ата-аналардың айтуынша, тәрбиеші балаларды әріп білмегені үшін және басқа бағдарламаны меңгере алмағаны үшін ұрып-соққан. Балабақша әкімшілігі ұсынған видео ата-аналардың бұл сөзіне дәлел болды.

«SEMEI TV» арнасының мәліметінше, тәрбиеші жұмыстан шеттетілді. Сондай-ақ сегіз ата-ана тәрбиешінің үстінен арыз жазғандықтан, 140-бап бойынша педагогке қатысты қылмыстық іс қозғалды. Ал мекеме басшысына қатаң сөгіс жарияланды.

Болған жағдайдан кейін де балалар балабақшаға барып жүр.