Шымкент-Алматы әуе рейсінің жолаушысы тәртіп бұзғаны үшін 203 мың теңге айыппұл төледі

Оңтүстік астана әуежайында Шымкент-Алматы рейсінің деструктивті жолаушысын ұшақтан түсіріп алды.

Көлік полициясы департаментінің мәліметінше, 28 жастағы Шымкент тұрғыны ұшақ бортында электронды темекі шегіп, ішімдік ішіп және бейәдеп сөздер айтқан.

«Ер адам қоғамдық орындарда мас күйінде болғаны, әуе кемесінде темекі өнімдерін тұтынғаны және ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 55 АЕК (203 060 теңге) мөлшерінде айыппұл салынды», – деп хабарлады полиция.

Айта кету керек, ұсақ бұзақылық дерегі бойынша іс сотқа жіберілді.