© AP Photo / Alex Brandon
Соңғы болып жеңімпазға үш сайлау дауысын беретін Аляска учаскесі жабылды. Мұнда Дональд Трамп жеңісі болжанады, деп жазады Qazaq Today ақпарат порталы.
Айқындалмаған штаттарда дауыстар санала бастады. Дональд Трамп барлық жеті штатта көш бастап тұр, деп хабарлайды AP.
Мичиган: Трамп — 52,3%, Харрис — 46% (бюллетеньдердің 59% саналғаннан кейін);
Висконсин: Трамп 51,4%, Харрис 47,2 (бюллетеньдердің 86% саналғаннан кейін);
Пенсильвания: Трамп – 51,3% дауыс, Харрис – 47,8% (бюллетеньдердің 90%-ы саналғаннан кейін);
Солтүстік Каролина: Трамп 51%, Харрис 47,8% (бюллетеньдердің 98% саналғаннан кейін);
Невада: Трамп — 50,9% дауыс, Харрис — 47,5% (бюллетеньдердің 75% саналғаннан кейін);
Джорджия: Трамп – 50,9% дауыс, Харрис – 48,4% (бюллетеньдердің 94%-ы саналғаннан кейін);
Аризона: Трамп — 49,9% дауыс, Харрис — 49,2% (бюллетеньдердің 51% саналғаннан кейін).
АҚШ, сайлау, нәтижелері