Шавкат Рахмонов UFC 310 турнирінде жұдырықтасқысы келетінін айтты

Белал Мухаммадқа қарсы чемпиондық белбеу үшін жекпе-жек 8 желтоқсан күні Лас-Вегаста жекпе-жекке шығу керек болған отандасымыз сол турнирде өнер көрсету көздеп, уақытша чемпиондық белбеу үшін жұдырықтасқысы келетінін мәлімдеді, деп жазады Qazaq Today ақпарат порталы. 

“Белалдың қашан оралатыны беймәлім. Сондықтан UFC 310 турнирінде кез келген қарсыласпен уақытша чемпиондық белбеу үшін жұдырықтасуға дайынмын. Кімді берсе де бәрібір, бастысы титулдық жекпе-жек болса болды. Өйткені Белалдың қашан оралатыны белгісіз. Мен дайынмын және титулға лайықпын!» — деді Рахмонов.

Еске сала кетсек,  чемпион Белал Мухаммад (24-3-0-1) саусағынан жарақат алуына байланысты UFC 310 турнирінде Шавкат Рахмоновқа қарсы кездесуден бас тартқан еді.