Оралда қалалық соттың төрағасы Руслан Жұмағұлов пара алып жатқан жерінде ұсталды, деп хабарлайды Qazaq.today.
батыстағы шулы іс жайлы «Уральские недели» Telegram арнасына шықты. Басылымның мәліметінше, тағы екі адвокат сот төрағасымен бірге ұсталған. Парақорларды ҰҚК орталық аппаратының және Батыс Қазақстан облысындағы департаменттің қызметкерлері жүргізген.
«1,5 миллион теңге көлеміндегі пара сотталған азаматқа қатысты оң шешім шығару үшін арналған», — деп жазылған материалда.
Жұмағұлов 2019 жылғы 31 желтоқсанда президент жарлығымен төраға қызметіне тағайындалған.