«Аналарға Көмек» қоғамдық қоры «Жалын тобының» жас өнерпаздары Ұлттық тасымалдаушының №10 «Астана-Алматы» пойызында күй тартты, деп жазады Qazaq Today ақпарат агенттігі.
Астанада өткен жарыста бас жүлдені иеленіп, шабытқа толы күй орындаған домбырашыларды пойыз жолаушылары шапалақпен қолдап, ықылас танытты.
Жолаушылардың пікірінше, өскелең ұрпақтың өнерінен патриоттық сезім мен ұлттық мәдениетке деген құрметі анық көрінеді.
Айта кетейік, Ұлттық тасымалдаушының пойыздарында әртістер жиі дайындық жасап, өз өнерлерін көрсетіп, барлық жолаушыларды ерекше өнермен қуантады.
Фото: Жолаушылар тасымалы АҚ