Сауд Арабиясының шөл даласына қалың қар түсті

Сауд Арабиясының солтүстігіндегі әл-Джауф аймағында қараша айының басында сирек кездесетін нөсер жаңбыр мен бұршақтан кейін қар жауып, шөл даланы ақ мамыққа орады, деп хабарлайды Qazaq.today. 

Жергілікті тұрғындар үшін бұл – күтпеген жағдай. Өйткені аймақта температура сирек төмен түседі. Енді таулардан сарқырама ағып, шөлді дала аңғарларын қар жапқан кезде жұрт таң-тамаша болды.

Көктем мезгілінде бұл ерекше табиғи құбылыс өңірдегі лаванда, хризантема және басқа да хош иісті өсімдіктердің жайқала гүлдеуіне сеп болуы мүмкін.