Хасан Қасымбаевқа қатысты тың ақпарат: Талғарда  болған қылмыстың видеосы тарады

Полиция Талғарда «Хутор» қылмыстық тобының жетекшісі деген атпен танымал болған Хасан Қасымбековтің ұсталғанын хабарлаған еді. Ол 2021 жылдың маусым айында А. азаматының денсаулығына ауыр зиян келтірді және оны ұрлады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Qazaq.today.

Осы іске қатысты бес азамат ұсталған.

Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен бесеуі де сотталып, қазір түрмеде жазасын өтеп жатыр. Осы қылмысқа Хасан Қасымбаевтың да қатысы бар болып шықты. Алайда видеодағы оқиғаның өзіне Хасан Қасымбеков қатыспаған. Ал бұл іске Хасан өзі тапсырма бергені үшін күдікті болып отыр.

Видеода бір топ ер адам көшедегі адамды бас салып, ұрып-соғып көлікке салып алып кеткенін көруге болады.

16 жастағы Шерзат Полаттың қазасынан кейін әлеуметтік желіде Талғарда «Хуторские» ұйымдасқан қылмыстық тобы бар екені, оның лидері Хасан Қасымбаев екені туралы тарады. Ішкі істер вице-министрі «Хуторские» деген банда да жоқ деп ақталып бақты. Алайда оның сөзіне қоғам сенген жоқ, керісінше өзі басшылықта отырған кездегі қылмыстық істерді жасыруға әрекеттенді деп қабылдады.