Түркістан облысында 14 жыл іздеуде болған педофилге қатысты сот үкімі шықты. #НеМолчиKZ қоры өкілдерінің мәліметінше, 7 жастағы қызды зорлау оқиғасы 2010 жылы маусымда болған.
«Істі 9 жыл тергеді. Бірақ күдікті табылмады. Қыздың анасы Динаға хабарласып, қыздан жауап алынды. Жалпы 14 жыл іздеуде болды. Қазір қыз 21 жаста», — дейді #НеМолчиKZ өкілдері.
Қыздың анасы Түркістан облысындағы тергеуші бес жыл бойы байланыста болғанын айтты. Қор өкілдерінің айтуынша, қылмыскер түрмеден табылған. Ол осыған ұқсас қылмыс жасағаны үшін жазасын өтеп жатқан. Түрмеден табылған педофил тағы 25 жылға сотталды.