Қарағанды облысында пойыз апатқа ұшырады

Қарағанды облысында пойыз апатқа ұшырады. Шұбаркөл станциясының маңында жүк вагондары рельстен шығып кетті, деп хабарлайды Qazaq.today «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«3 қараша күні сағат 03:45-те «Шұбаркөл Көмір» компаниясының Шұбаркөл станциясындағы жеке кірме жолында үш жүк вагоны рельстен шығып кетті», – делінген хабарламада.

Локомотив жеке тасымалдаушыға тиесілі және оны жеке компанияның локомотив бригадасы басқарған. «ҚТЖ» бұл оқиғаның басқа пойыздардың қозғалысына әсер етпеген деп сендірді.