Тоқаев Алжир халқын Революция күнімен құттықтады

Мемлекет басшысы Алжир Президенті Әбделмәжид Теббунға құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі.

Қасым-Жомарт Тоқаев Әбделмәжид Теббун мен оның отандастарын Алжир Халық Демократиялық Республикасының ұлттық мерекесі – Революция күнімен құттықтады.

Президент бейбітшілік пен ынтымақ қағидатын берік ұстанған Алжир мемлекетінің өркендей беруіне тілектестік білдірді.

Сондай-ақ достық пен өзара түсіністікке негізделген мемлекетаралық қатынастарды одан әрі нығайтуға дайын екенін растады.